Қайырымдылық

Қайырымдылық

Herbalife қайырымдылық қызметі бүкіл әлемде жүргізіледі.

Herbalife Foundation (HNF) Қайырымдылық қоры

– қаржыландыруға Herbalife Тәуелсіз Серіктестері және қызметкерлері қатысатын, 1994 жылы компанияның негізін қалаушы Марк Хьюзбен құрылған коммерциялық емес ұйым. HNF мұқтаж балалаларға көмектеседі. Құрылған сәттен бастап Қор мұқтаж балалар үшін әртүрлі жобаларға, аштықтан, жоқшылықтан қорғау, білім алу және медициналық көмек алу мақсатында 6,5 млн доллар ақша қаражатын аударды. Сонымен қатар Қор табиғат апаттарынан зардап шеккен адамдарға да көмектеседі (шамамен миллион доллар 2004-2005 жылдардағы табиғат апатының құрбандарына көмек ретінде аударылды, осы ісі үшін Қор Қызыл Крест марапатына ие болды).

Casa Herbalife

– балалар тағамын жақсартуға бағытталған Қордың халықаралық бағдарламасының бірі. Осы бағдарлама аясында Қор әртүрлі елдердегі қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтасады. Бағдарлама Қормен 1998 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында құрылған баспана атауы бойынша Casa Herbalife деп аталады. Бүкіл әлем бойынша 100 мыңнан астам балаларға көмек көрсеткен 130 астам Casa Herbalife қайырымдылық бағдарламасы жұмыс істейді.

Casa Herbalife қайырымдылық бағдарламасымен қатар Herbalife Тәуелсіз Серіктестері бүкіл Ресей және ТМД елдері бойынша балалар үйлеріне көмек көрсетеді. Бүгінгі күні Красноярскіде, Ростов-на-Донуда, Кировта, Магнитогорскіде, Барнаулда, Усть-Илимскіде, Кировскіде, Челябинскіде, Екатеринбургте, Красноармейскіде, Тольяттиде, Уфада, Севастопольда және Herbalife Тәуелсіз Серіктестері жұмыс істейтін басқа да қалаларда жалғыз қалған балаларға олардың өмірлерін жақсарту үшін қолдау көрсетіледі.

Қайырымдылық шараларға қатысу

Herbalife қайырымдылық шараларға және басқа да ұйымдарға демеушілік жасайды. 2015 жылы Herbalife Лос-Анджелесте Арнайы Олимпиада Ойындарында тамақтану бойынша ғаламдық жеткізуші атанды, сондай-ақ ресей құрама командасының ресми демеушісі болды.

2014 жылы Herbalife «United Chari Games-2014» қайырымдылық жүгіруге қатысты. Компания шараның демеушісі ретінде қатысып, жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынды.

Өтінім қалдыру