Клиенттердің нәтижелері

Клиенттердің нәтижелері

Галия Рогова, 27 жаста

Мен әрдайым салауатты өмір салтын ұстандым, би, жеңіл атлетика, шаңғы спортымен шұғылдандым. Таныстарым мені ең сымбатты әрі жігерлі санайтын. Бірақ менің көңіл-күйм және ойлағанымды іске асыруға кедергі жасайтын төмен сергектігім мазалайтын. Таңертең ұйқыдан тұру қиын, ал түске қарай ұйқым келетін, кешке мүлде шаршайтынмын. Сымбаттылығыма қарамастан, біртіндеп салмақ жинай бастадым. 2014 жылы мен СӨС Клубымен таныстым.

Теңгерімді рацион қағидалары және өз мақсаттарына жеткен адамдардың нәтижелері Қолдау тобына қосылуға итермеледі. Мен Клубқа жиі қатысатын болдым, өзімнің тамақтану әдетімді өзгертіп, өзімнің ағзам туралы көп мағлұмат алдым. Бұл өмірімді одан әрі жақсартуға күш берді! Енді, өзімді жеңіл сезінемін, күшім тасып, энергиям толықсыды. Таңертең ояну мен үшін қиын емес, күнімді Теңгерімді тамақтанумен бастаймын. Менің дене-бітімім жақсарып, артық салмақтан арылдым және бұлшық ет массасын жинадым. 27 жасымда мен 22 жасқа ұқсаймын. Мұның барлығы дұрыс тамақтану, СӨС Клубы және өзімнің Herbalife Дербес консультантымның арқасында!

Мария Попура, 32 жас

Мен екінші жүктіліктен кейін артық салмақ жинадым. Көңіл-күйім нашарлап, киімдерім сыймай қалды, өзімді-өзім бағалауым төмендеді.

2014 жылы Herbalife-пен танысып, Салауатты өмір салты клубына қатыса бастадым. Ол менің тұрақты қолдауыма және ынталандырушыма айналды. Менің нәтижеме берілген баға, мақтау, қамқорлық және мүдделестер командасы мені одан әрі тоқтамай жұмыс істеуіме шабыттандырды.

Клубта теңгерімді тамақтану философиясы туралы көп мағлұмат алдым. Рацион өзгергеннен кейін - ашығусыз! - алғашқы 3 аптада 4,1 кг және көлем жағынан 12* арықтадым. Сымбаттылыққа ие болдым, энергия және белсенділік пайда болды.

Менің күнім жаңарды. Салауатты өмір салты мені және менің өмірімді өзгертті. Қажетті нәтижеге қолжеткіздім және Herbalife-пен бірге одан әрі жетілуге тырысамын.

Елена Дегтярева, 48 жас

Мен бала кезімнен спортты ұнаттым және белсенді болуға тырыстым. Секцияларға қатыстым, жүгірдім, секірдім, өзімнің сымбаттылығымды қадағаладым. Сондықтан бірінші босанудан кейін киімдерімнің өлшемі өзгерген жоқ. Бірақ екінші баламды босанғаннан кейін тамақтану қағидаларын білмегеннен кейін шамамен 10 кг артық жинадым. Хал-жағдайым нашарлап, көңіл-күйім төмендеді. Ешнәрсеге энергия жетпейді, көп кофе іштім, бірақ ол маған көмектеспеді. Барлығын отырып жасағым келеді: киіну, ойыншықтарды жинау, бала күтімі т.б., серуендегенде әрдайым жақын жерден сәкі іздеймін. Өзімді ана емес, қарт әже секілді сезіндім!

Салауатты өмір салты клубына келгеннен кейін теңгерімді тамақтану қағидаларын үйрендім, кейін оларды сақтайтын болдым. Өмірім өзгере бастады! Сымбаттылығым қалпына келді, энергия, керемет көңіл-күй, өзіме деген сенімділік пайда болды. Күшімнің көптігі соншалық, спортқа және дене белсенділігіне қайта оралдым, қазір баламыз екеуміз жарысып жүгіреміз. Мен өзімді ана ретінде сезіне бастадым және сыртқы келбетім жақсарды! Енді салауатты өмір салтын ұстанып, өзімнің отбасыма дұрыс тамақтану дағдыларын үйретіп жүрмін. Мен СӨС клубына және өзімнің Дербес консультантыма менің жастығымды ұзартқаны үшін алғыс айтамын және өзімді бақытты сезінемін!

Елена *
Кемерово
-22 кг 6 ай ішінде
МАҒАН САЛМАҒЫМДЫ БАҚЫЛАУ ОҢАЙ ЖӘНЕ 100 % СЫМБАТТЫМЫН!

Мен хатшы болып қызмет атқарып жүргенімде, шоколад пен кофе әрдайым рационымда болды. 25 жасымда семіз "апаға" айналғаныма ұялдым. Диеталарды қолдандым, бірақ олар дәмсіз және біртекті болды, менің өмір бойы диетада отырғым келмеді.

Қуанышқа орай мен Қолдау тобына қосылдым! Тақырыптан тақырыпқа өтіп, көп мағлұмат ала бастадым, тіпті осының арқасында маған "Теңгерімді тамақтану - бұл өмір үлгісі!" ұғымы ұнай бастады. Нәтижесінде мен 22кг* салмақтан арылдым. 54-өлшемнен 46-өлшемге ауыстым. Көп қозғаламын, спортпен және бимен айналысамын, ал тамақтану дағдылары толығымен ауысты. Құрбыларым артық салмақтан оңай арылғаныма және 100% сымбатты болғаныма таң қалады!
Ксения Воротилина, 30 жас

Мені өмір бойы өз фигурам алаңдататын. "Сүтпен қан" және "кең сүйек" осының барлығы печеньемен таңғы асты, ал кешкі асты пахлавамен ішуге мүмкіндік берді.

Бес жыл бұрын Herbalife әлемімен таныстым. Қолдаудың, Клубтың және жаңа рационның көмегімен уақыт өте тамақтану дағдыларымды, кейін мүлде өмірімді өзгерте алдым. 2016 жылғы қаңтарда жаттығу залына тұрақты баруды бастадым. Керемет салмақпен қатар, спорттық денені де армандадым. Өзіңе көңіл бөліп, жұмыс істеу - бұл уақытша шешім емес, өмір салты екендігін түсіндім. Бұл қалжырататын диеталармен және жаттығулармен әурешілік емес. Әсіресе Herbalife дұрыс тамақтанумен және әрдайым көмектесетін және менің арманыма және ұмтылысыма қолдау көрсететін кәсіпқойлармен дәмді, оңай және пайдалы!

Ольга Комолова, 41 жас
-50 кг 1 жыл ішінде

Артық салмақ менің бала кезімнен болды. 20 жаста менің салмағын 105 кг жетті, әдемі емес киімдерді кидім, өзімнен ұялатынмын, әртүрлі ауруларға шалдықтым. Күйзеліске түстім, ал маған балалар бақшасының тәрбиешісі ретінде энергиясы көп, белсенді болу керек.

Артық салмақ салдарынан өзімнің жеке өмірімді құра алмадым. Содан өзгеруге бел байладымшім қабылдадым. Бірақ салмақты азайту оңайға түспеді. Herbalife-пен ғана салмақтан арыла бастадым! Энергияның толықсуын сезіндім, күйзелістен арылдым. Бір жыл ішінде мен 50 кг* салмақ тастадым, белсенділік және өмірге құштарлық артты, ұялуды қойдым. Менің өмірім күрт өзгерді: отбасын құрып, бақытқа бөлендім. Әрбір адамға ештеңеге қарамастан, тек өзіңе ғана сену керектігін айтқым келеді.

Вера Дубровская, 66 жаста

Herbalife-пен танысқанға дейін қарапайым зейнеткердің күйін кештім. Әрдайым үйде отырдым, туыстарыммен ғана араласатым, ішім пысатын. Көп әрі дәмді ас әзірлейтінмін, әрине бұл салмақ жинауға себеп болды.

Клубқа шақыру алғаннан кейін, менде салмақты азайту емес, жаңа достармен араласуға қызығушылық туындады. Бірақ өзімнің метаболиттік жасымды көріп, шошыдым - 78 жас! Бұл барлығын өзгертті. Таңғы асты дұрыс ішуге тырыстым, Қолдау тобының сабақтарына қатыстым, теңгерімді тамақтандым және салауатты өмір салтына жақындарымды тарттым. Мен тамаша жетістікке қолжеткіздім. 40 жыл киілмеген сүйікті костюмымды кидім, энергия көбейді, сергектік, жақсы көңіл күй пайда болды. Енді мені үйден табу қиын! Жастық шағым оралып, сенімділік пайда болды. Өзімнің тамақтану әдетімді және өмірімді өзгерте алғаным үшін бақыттымын!
Татьяна Конанцева, 56 жаста

Өткен уақытта ұшыраған қатты күйзеліс салдарынан салмақ жинай бастадым. 20 жасымда 155 см бойыма 134 кг салмақ қостым! Әр кезде әртүрлі диеталарды қолдандым және ашығып та көрдім, бірақ хал-жағдайым жақсармады, денсаулықпен проблемалар, енжарлық, әлсіздік туындады, күшім азайып, демікпеге шалдықтым. Бір күні Салауатты өмір салты клубына қосылдым. Тестіден өтіп, физикалық көрсеткіштер бойынша метаболиттік жасым 70 жасқа сәйкес келетіндігін білдім! Осыдан кейін мен Клубқа жиі келетін болдым, дұрыс тамақтандым және тамақтану дағдыларымды өзгерттім. Мен 70 кг* салмақтан арылдым! Сырттай және іштей жасарғанымды сездім. Менің метаболиттік жасым 30 жас. Хал-жағдайым жақсарды, энергия, жақсы көңіл-күй бар. Жаңа өмірім басталды. Мен барлық жерге үлгеремін және әрбір күннен рахат аламын. Өкшесі бар аяқ киім де кие бастадым, ал мұны ұмытқалы қай заман!

Өзімнің нәтижемді мақтан етемін, бұл нәтижеге СӨС Клубының, теңгерімді тамақтану және менің Дербес консультатымның арқасында жеттім. Бұл бастамасы ғана, мен одан әрі де өз өмірімді жақсыға қарай өзгертуге тырысамын!

Александр Попов, 43 жас

"Адам да жақсының бәрі көп болу керек" деген ұранмен өмір сүрдім. Және көп болды да. Herbalife-пен танысқан уақытта менің салмағым 153 кг болды.

Алғаш Салауатты өмір салты клубына келгеннен кейін теңгерімді тамақтану және дұрыс рацион туралы көптеген жаңа мағлұматтар алдым. Бұл мені шабыттандырды және Клубқа күнделікті қатысуға шешім қабылдадым.

Салмағым азайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған кезде мен қайдан жауап алуға болатындығын білемін. Менің өмірімде Клубтың орны ерекше: маған жаны жақын адамдар, ұйымдастырушылар - бастаған істі тоқтатпауға барлығы шабыттандырды. Кім үздік нәтижеге жетеді деген конкурст та болды!

Осы зор жетістікке Салауатты өмір салты клубының арқасында жеттім. Сыртқы келбетім өзгерді, толықсыған күш-қуатты сезінемін. Бұрын мен үшін киім алу әурешілік болса, қазір маған ұнайтын киімдерді таңдап, рахатқа бөленемін!
Людмила
Ростов-на-Дону
-26 кг 8 ай ішінде

8 АЙ ІШІНДЕ САЛМАҒЫМДЫ 26 КГ-ҒА АЗАЙТТЫМ!

Артық салмақ проблемасы екінші баламды босанғаннан кейін басталды. Өзіме көңілім толмай, ұнайтын киімдерді кимейтін болдым. Енжарлық, күйзеліс, тітіркенушілік пайда болды. Әрдайым салмақты азайтуға тырыстым. Басында салмағым азайды, кейін қайтадан салмақ жиналды. Бір күні әпкем Салауатты өмір салты клубына шақырды. Оның Консультанты Артеммен әңгімелестім, салмағымды азайтуға кірістім және Herbalife өнімдерін қолдана бастадым. 10 күннен кейін жеңілдік сезіндім, шаршағандық басылды, шамамен 2 кг* салмақ тастадым. 8 ай ішінде 26 кг-нан арылдым! Екі жұмысқа, отбасыма және өзіме де энергия жетеді. Осы жетістігім үшін Консультантыма алғыс айтамын! Біз арманымызға жетуге ұмтыламыз!

Наталья Скворцова, 54 жас
Санкт-Петербург
- 46 кг 20 ай ішінде

30 жыл бойы артық салмақпен өмір сүрдім, көптеген диеталарды қолдандым, хал-жағдайым нашар болды. Содан барлығына қолымды бір сілтедім. Келінім Салауатты өмір салты клубына консультацияға шақырды, көңілім соқпады. Бірақ артық салмақтан арылу үшін қалдым. Нәтижелер бірінші күннен байқалды.

Бұл барлығы ойдағыдай болады деген сенім берді. Маған Салауатты өмір салты клубына күнделікті келу, жеке Консультантым, теңгерімді тамақтану және Herbalife дәмді өнімдері көмектесті. Жетістікке жету жолы ұзақ жалғасты, бірақ қызықты болды әрі шабыт берді. Ешқашан орта жолдан тастап кету немесе бас тарту болған жоқ. Өмірге құштарлығым артты, армандар пайда болды және жоспарлар құрдым. Себебі Herbalife-пен армандауға болады және оның өмірде орындалатыны рас**!

Екатерина Еремова, 35 жас
- 31 кг 8 ай ішінде

Теңгерімді тамақтанбай және аз қозғалу салдарынан 20 жасымда артық салмақ қостым. Кез келген қыздар секілді сымбатты болу үшін көптеген диеталарды қолдандым - нәтижесіз. Өзімді өзім бағалау төмендеді, кемшіліктер көбейді. Екінші жүктіліктен кейін салмағым 100-ге жетті. Хал-жағдайым күрт нашарлады. 2014 жылғы қаңтарда құрбым мені Салауатты өмір салты клубына шақырды. Жарты жыл ішінде тамақтану дағдыларымды өзгерту арқасында салмағым 31 кг* азайды. Өзімді жақсы сезіндім, өзіме сенімділік пайда болды, шаршау және тітіркену жойылды.

Енді өзімнің тәжірибемді негізге алып, өзім құрған Салауатты өмір салты клубында*** басқалармен теңгерімді тамақтану негіздерімен бөлісемін. Барлығымыз бірге тамақтану дағдыларымызды өзгертіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізу жолындамыз!

Ирина Лялина, 25 жас

«Менің арманым – пресс бөліктерін көру еді. Жаттығу залына аптасына 3 рет бардым. Herbalife теңгерімді тамақтануға және Формула 1 протеинді коктейлін – таңертең және жаттығуға бір сағат бұрын ішемін. Содан кейін – «Күштерді қалпына келтіру» коктейлін қабылдаймын.

Дене өлшемдерін түзеттім: салмағым 1 кг азайды, ал тері астындағы май 27%-дан 19%-ға дейін азайды. Бұлшық ет массасы 2 кг өсті. Бодибилдинг және фитнес-бикини чемпионатында төртінші орынға ие болдым. Бұл менің жеңістерімнің бастамасы ғана!

Өтінім қалдыру