Тәуелсіз Серіктестер үшін кіру

Сапаны бақылау

Herbalife компаниясының барлық өнімдері бекітілген сапа стандарттарына сәйкес өндіріледі.

Herbalife өнімдерін өндіру Халықаралық өндіру тәжірибесінің, соның ішінде дәрілік заттарды, биологиялық белсенді қоспаларды, медициналық бұйымдарды, тағамдық өнімдерді өндіру нормалары мен ережелерінің халықаралық жүйесін қамтитын GMP (Good Manufacturing Practice) талаптарына, сондай-ақ «Бақылаулы критикалық орындардағы тәуекелдерді талдау» ХАССП (HAССP) тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес келеді.

ХАССП жүйесі — өнімдердің қауіпсіздігіне маңызды әсер ететін факторларды жүйелі сәйкестендіруді, бағалауды және басқаруды қарастыратын тұжырымдаманы іске асыруға қажетті құжаттардың ұйымдастыру құрылымының, өндірістік процестердің және ресурстардың жиынтығы. ЕО, АҚШ, Канада, Австралия мен басқа да дамыған елдерде ХАССП жүйесі барлық тағамдық және оған теңестірілген кәсіпорындар үшін міндетті болып табылады. 2013 жылғы шілдеден бастап ХАССП Ресейде, Қазақстанда және Белоруссияда тағам өнімдерінің өндірісі кезіндегі міндетті жүйе болып саналады. Herbalife Сапаны қамтамасыз ету департаменті Өндірісті ұйымдастыру және сапаны бақылау бойынша халықаралық ережелерге сәйкес сапаның жоғары стандарттарына және қауіпсіздік талаптарына өнімдердің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Herbalife Компаниясы біздің өнімдер таралатын елдердің заңнамасына толығымен сәйкес әрекет етеді. Лицензиялау бөлімі реттеу талаптарына қажетті өнімдерге сәйкестігі үшін бақылауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар өнімдердің мемлекеттік тіркеу, декларациялау және сертификаттау түрінде сәйкестігін растауды жүзеге асырады (мысалдармен сілтеме бойынша таныса аласыздар). Мемлекеттік тіркеу аясында, лицензиялау бөлімі мемлекеттік биліктің атқарушы органдарымен, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Мемлекеттік қызметпен (Ресей тұтынушыларды қадағалау), сараптама ұйымдарымен: «ФИЦ питания и биотехнологии» ҒФМББ (РМҒА Тамақтану ҒЗИ) және Ресей тұтынушыларды қадағалау қызметінің Федералды гигиена және эпидемиология орталығы ФБГУЗ, сонымен қатар аккредитацияланған сынақ зертханаларымен өзара әрекет етеді.

Бүгінгі күні компания көптеген өнеркәсіптік, сауда және қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысушысы, Халықаралық диеталық/тағамдық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы альянсының (IADSA) негізін қалаушы, Дүниежүзілік Тікелей Сатылым Қауымдастығының мүшесі болып табылады. 1998 жылдан бастап Herbalife компаниясы Ресей Тікелей Сатылым Қауымдастығының аға мүшесі, СРО (Тағамға биологиялық белсенді қоспалардың өндірушілер одағы) белсенді мүшесі, AEB (Еуропалық Бизнес Қауымдастығы) қауымдастығының мүшесі, ал 2010 жылдан бастап – Ұлттық диетологтар және нутрициологтар қауымдастығының мүшесі (НАДН, Ресей) болып табылады.

Өтінім қалдыру