Тәуелсіз Серіктестер үшін кіру

Тікелей сатылым деген не

Тікелей сатылым деген не?

Тікелей сатылымдар он тоғызыншы ғасырдың соңында пайда болды. Қазіргі күні бұл қарқынды дамып келе жатқан индустрия, онда жетекші әлемдік брендтермен қатар, шағын компаниялар да жұмыс істейді.

Тікелей сатылым арқылы сатып алушыларға ұсынылатын тауарлар мен қызметтер спектрі зергерлік бұйымдарды, ыдыс-аяқтарды, биологиялық белсенді қоспаларды, косметиканы, шаруашылық тауарларды және энергетика мен сақтандыру саласындағы өнімдерді құрайды. Тікелей сатылым компанияларының жалпы жылдық түсім көлемі 180 млрд. АҚШ доллардан артық. Бүгінгі күні осы индустрияда бір жүз миллионнан астам жұмыс істейді.

Тұтынушыларға арналған артықшылық

Бөлшек саудадан ерекшелігі, тікелей сатылымда тауарларды өткізу немесе қызметтерді ұсыну стационарлық орындарда емес, жеке сөйлесу кезінде жүзеге асрылады. Тікелей сатылым консультанттары әлеуетті клиенттермен тығыз жеке қарым қатынастарды реттейді, тауарды толық таныстырады, сондай-ақ оны жеткізеді және оған кепілдік береді. Әлеуметтік желінің дамыған заманында, тұтынушылар өз уақыттарын және қызмет көрсетуді бағалайтын уақытта мұндай дараланған сервис ерекше өзектілікке ие.

Консультанттарға арналған артықшылық

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар тікелей сатылымды таңдайды. Біреулер компанияның тауарларын және қызметтерін ұнатып, оларды жеңілдікпен сатып алғысы келсе. Басқалар достарына, туыстарына және таныстарына тауарларды өткізуге қатысу үшін шақырады және олардың сатылымынан комиссиялар алады. Табысты консультанттар тәуелсіз таратушылар желісін құру арқылы өзінің бизнесін кеңейтеді және осы индустрияда толық құнды мансапқа ие болады. Тікелей сатылым бойынша тәуелсіз бизнесті ашу үшін шығындар франчайзингпен салыстырғанда өте аз, ал тәуекелдер төмен.

Herbalife

Herbalife әлемдегі тікелей сатылымның жетекші компаниялар үштігіне кіреді және теңгерімді тамақтану мен салауатты өмір салты саласында жетекші болып табылады. Біздің өнімдер 95 елде ұсынылады. Оның сапасы бірнеше рет сараптау қоғамдастығының жоғары бағасын алды. Халықаралық Тікелей Сатылым Қауымдастығының құрамына кірген уақыттан бастап Herbalife оның Этикалық кодексін мүлтіксіз орындайды, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және шынайы бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етуге шақырады.

Herbalife бизнес моделі – тікелей сатылым индустриясындағы ең тиімді түрі. Компания айналымының шамамен 73% төлемдер және сыйақы түрінде Тәуелсіз Серіктестерге қайтарылады. Компания заманауи оқыту бағдарламаларын, соның ішінде жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен халықаралық тренингтерді, тұрақты кері байланысты, жарнама және ақпараттық қолдауды ұсынады.