Әлемдегі серіктестік

Әлемдегі серіктестік

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду
Әлемдік футболдың жұлдызы, Португалия

HERBALIFE сүйікті өнімдері:
  • Формула 1 Протеинді коктейль
  • Протеинді батончиктер
Криштиану Роналду заманауи үздік футболшы. Ол шексіз көптеген рекордтарға қол жеткізді, Еуропаның үздік бомбордирі ретінде "Золотая Бутса" марапатының екі мәрте иегері, 2008 және 2013 жылы «Золотой мяч ФИФА» марапатының екі мәрте иегері, FIFPro нұсқасы бойынша Әлемнің үздік футболшысы, World Soccer нұсқасы бойынша Әлемнің Үздік футболшысы, ФИФА нұсқасы бойынша Әлемнің үздік футболшысы және Еуропаның үздік футболшысы (Onze d’Or).

Бүгінде Роналду Реал Мадрид командасының құрамында Испания Премьер Лигасында (Ла Лига) сияқты, халықаралық жарыстар да жемісті ойын көрсетіп жүр.

Роналду өзінің футболдағы мансабын Андоринья жанкүйерлер командасында 8 жасында бастаған, онда ол көзге түсіп, "Насьонал" жергілікті футбол клубына шақырту алған. Чемпионатта жеңіске жеткен Роналду "Спортинг" Клубына шақырту алады, осы клубпен 13 жастағы спортшы шарт жасайды. 2003 жылы "Спортинг" клубындағы керемет жеңісінен кейін Роналду "Манчестер Юнайтед" клубына ауысады, онда ол 2009 жылға дейін - "Реал Мадрид" оны сатып алып, футбол тарихындағы ең қымбат ауысу туралы келісімшарт жасағанға дейін өнер көрсетеді. Испания Премьер Лигасындағы ойындармен қатар, Роналду өзінің елі үшін ойнайды. Ол Португалия елінің намысын қорғайды.

Ойын алаңынан тыс Роналду қайырымдылық қызметімен белсенді айналысады және "Балаларды қорғайық" (Save the Children) халықаралық ұйымның, сонымен қатар Индонезиядағы Мангр ормандарын қорғау бойынша ұйымның (The Mangrove Care Forum) елшісі болып табылады.
Өтінім қалдыру