АҚШ-та Формула 1 коктейлін клиникалық зерттеу

АҚШ-та Формула 1 коктейлін клиникалық зерттеу

Зерттеу мақсаты - арықтау және оңтайлы дене массасын қамтамасыз ету құралы ретінде ақуызбен байытылған тағам алмастырғыштарының тиімділігін растау. Жетекші - медицина ғылымдарының докторы, Калифорния университетінің Клиникалық тағамтану департаменті директорының орынбасары Жаопинг Ли.

Зерттеу 12 апта жүргізілді; оған артық салмағы бар 85 адам тартылды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, тағам ретінде Формула 1 Протеинді коктейлін қабылдады. Бірінші топта сыналған қатысушылар Формула 1 коктейлінің стандартты порциясын (2 қасық қоспаны), ал екінші топтың қатысушылары коктейльдің екі еселенген порциясын қабылдады.

12 апта ішінде қатысушылар орташа есеппен 4 кг салмақ жоғалтты, салмақты бақылау үшін ақуызды коктейльді қабылдау тиімділігін дәлелдеді. Бірақ ақуыздың екі еселенген порциясын қабылдаған қатысушылар стандартты порциямен шектелген қатысушылармен салыстырғанда, көп май жоғалтты.

Зерттеу құрамында стандартты ақуыз бар тағаммен салыстырғанда, ақуызға бай тағам алмастырғыштарын қабылдау арықтау үшін негізгі нәтиже алуға ықпал етумен қатар, бұлшық ет массасын емес, жоғары май түзілімдерін жоғалту есебінен салмақты азайтуға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеді. Клиникалық зерттеу нәтижелері «Nutrition Journal» (Клиникалық тамақтану журналының) тамыздағы нөмірінде жарияланды. Сынақ нәтижелері туралы толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады:www.nutritionj.com/content/7/1/23

Өтінім қалдыру